"Өскемен құс фабрикасы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
19.07.21 11:59
/KASE, 19.07.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Өскемен құс фабрикасы" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2021
жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 394 533 дана;
- компанияның 191 400 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "AITAS KZ" АҚ болып табылады.
[2021-07-19]