Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Компания Фаэтон" ЖШС KZ2P00003874 (FATNb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

16.07.21 16:14
/KASE, 16.07.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2021 жылдың 13 шілдесінде тіркеген KZ2P00003874 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, FATNb1; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 24.05.17- 24.05.24; жартыжылдық купон, 13,50%, жылдық; 30/360). облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың көшірмесін Биржаға ұсынды Аталған өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес аталған облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі облигациялардың номиналды құнынан жылдық 13,50 %-дан 10,50 %-ға өзгертілді. Аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/FATN/fatnf9_FATNb1_izm_130721.pdf [2021-07-16]