"Матен Петролеум" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді"

03.07.21 11:42
/KASE, 03.07.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Матен Петролеум" АҚ (Атырау), акционерлердің жалпы жиналысының 2021 жылдың 28 маусымындағы шешімімен Директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгерістер енгізілгені туралы Биржаға хабарлады: - шығарылды: Xiao Huangin (Сяо Хуаньцинь) – Директорлар кеңесінің мүшесі; - сайланды: Guo Yi (Го И) – Директорлар кеңесінің төрағасы, Sun Yanda (Сунь Яньда) – Директорлар кеңесінің мүшесі, Li Guocheng (Ли Гочэнь) – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Матен Петролеум" АҚ Директорлар кеңесі үш адамнан тұрады: Guo Yi (Го И), Sun Yanda (Сунь Яньда), Li Guocheng (Ли Гочэнь). Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/MATN/matn_board_changes_280621_424.pdf [2021-07-03]