"Шұбаркөл Көмір" АҚ акционерлері жылдық қаржылық есеп берушілікті бекітті және компанияның 2020 жылдағы таза табысын бөлмеуге шешім қабылдады

01.07.21 11:23
/KASE, 01.07.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Шұбаркөл көмір" (Қарағанды), өз акционерлерінің 2021 жылдың 16 маусымында өткен жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - аудитін "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС жүргізген компанияның 2020 жылға (жеке және шоғырландырылған) жылдық қаржылық есеп берушілігі бекітілсін; - компанияның 2020 жылдағы 15 662 752 мың теңге мөлшеріндегі таза кірісі бөлінбесін; - 2020 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу басталатын күн (бір акцияға 50 теңге кепілдік берілген мөлшерде) – 2021 жылдың 03 шілдесі. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешім қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SHUK/shuk_annual_shareholders_meeting_results_160621_2422.pdf [2021-07-01]