"КазТрансОйл" АҚ өзінің KZ1C00000744 (KZTO) жай акциялары бойынша 2020 жылға дивиденд төледі

22.06.21 16:00
/KASE, 22.06.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" (Нұр-Сұлтан), 2021 жылдың 18 маусымында өзінің KZ1C00000744 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTO) жай акциялары бойынша 2020 жылға бір акцияға 132 теңге мөлшерінде дивидендтер төленгені туралы хабарлады. Аталған хабарламаға сәйкес төлем сомасы 50 770 909 068 теңгені құрады. Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2021 жылдың 11 маусымдағы 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалды. Бұл ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_dividends_180621_4208.pdf [2021-06-22]