21 маусымда "Tin One Mining" (Тин Уан Майнинг) АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

16.06.21 17:04
/KASE, 16.06.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Tin One Mining" (Тин Уан Майнинг) АҚ (Алматы), 2021 жылдың 11 маусымында сағат 10:00-де кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіне: - компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне өкілеттік мерзімі, көлемі мен сыйақы және өтемақы төлеу көлемі мен шарттарын анықтау туралы; - тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысын қаржыландыру мәселесі бойынша. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/SRBT/srbt_special_shareholders_meeting_date_change_210621_109.pdf [2021-06-16]