08 шілдеде "AMF Group" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді

01.06.21 10:02
/KASE, 01.06.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AMF Group" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2021 жылдың 08 шілдесінде сырттай дауыс беру арқылы оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіне атқарушы органның орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты компанияның Жарғысына өзгерістер енгізу туралы мәселе енгізілді. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/AKFI/akfi_special_shareholders_meeting_info_080721_73.pdf [2021-06-01]