09 маусымда NOSTRUM OIL & GAS PLC жылдық жалпы жиналысы өтеді

11.05.21 10:41
/KASE, 11.05.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған NOSTRUM OIL & GAS PLC компаниясы (Лондон), Қазақстан қор биржасына (KASE), акционерлердің жыл сайынғы жылдық жиналысы туралы хабарлама ұсынды: ... Компанияның жыл сайынғы жалпы жиналысы 2021 жылдың 9 маусымында Компанияның заңды мекен-жайында өтеді: 9th Floor, 20 Eastbourne Terrace, London, W2 6LG (г. Лондон). Ұлыбритания Үкіметінің қолданыстағы нұсқаулығына сәйкес, әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша бірге жиналуға тыйым салынады, егер (Covid-19) коронавирусқа қатысты жағдай және Ұлыбритания Үкіметінің басшылық нұсқаулықтары жиналыс өтетін күнге дейін өзгермесе, акционерлер Жыл сайынғы жалпы жиналыста өздері тікелей қатыса алмайды, оларға кіруге рұқсат етілмейді. ... Хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: - https://kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_reliz_070521_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_reliz_070521_eng_1.pdf – ағылшын тілінде жарияланған. [2021-05-11]