"ЭКОТОН+" АҚ 28 маусымда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

11.05.21 10:09
/KASE, 11.05.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енгізілген, "ЭКОТОН+" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға 2021 жылдың 28 мауысымында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарламасын ұсынды: Күн тәртібінде: - компанияның Директорлар кеңесінің қазіргі құрамының өкілеттігін тоқтату туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің мүшелірінің сайлануы туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне өздерінің міндеттерін орындағаны үшін сыйақы мен өтемақы көлемін анықтау туралы. Ақпараттың толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/EKTN/ektn_special_shareholders_meeting_info_280621_156.pdf [2021-05-11]