"AMF Group" АҚ акционерлері 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

06.05.21 10:09
/KASE, 27.06.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), акционерлерінің 2021 жылдың 26 сәуіріндегі жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - 2020 жылға компанияның шоғырландырылған және жылдық қаржылық есебі бекітілсін; - компанияның 2020 жылға жай акциялар бойынша дивиденд төлеуге таза табысы бекітілсін; - дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімін құрау күні – 2021 жылдың 01 мамыры болып анықталсын; - дивиденд төлеуді бастау күні – 2021 жылдың 05 мамыры. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/AKFI/akfi_annual_shareholders_meeting_results_260 421_52.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2021-05-06]