"AltynEx Company" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.04.21 15:30
/KASE, 15.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AltynEx Company" АҚ ("AltynEx Company" АҚ , бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 123 333 дана, артықшылықты акциялар саны – 24 666 дана; - компанияның барлық жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға А.Р.Сарсенов болып табылады. [2021-04-15]