"Рахат" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
13.04.21 15:56
/KASE, 13.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Рахат" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD болып
табылады, оның меншігінде 3 440 362 жай акциясы (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 95,57%) бар.
[2021-04-13]