"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АК өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
13.04.21 09:29
/KASE, 13.04.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АК ("Отбасы
банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АК, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 7 830 000 дана;
- банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2021-04-13]