"AgroFinance" ЖШС өзінің (KZ2P00004229, AGFNb1) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

09.04.21 14:36
/KASE, 09.04.21/ - "AgroFinance" ЖШС (Алматы) 2021 жылдың 08 сәуірінде өзінің (KZ2P00004229, AGFNb1) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 1 456 000 000 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 1 400 000 000 теңгені, купондық сыйақысы – 56 000 000 теңгені құрады. [2021-04-09]