"ERG Exploration" (И-АР-Джи Эксплорейшен) АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

06.04.21 10:14
/KASE, 06.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ERG Exploration" (И-АР-Джи Эксплорейшен) АҚ ("ERG Exploration" (И-АР-Джи Эксплорейшен) АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 300 000 дана; - компанияның 1 120 269 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға KS HOLDING GROUP S.A.R.L. болып табылады. [2021-04-06]