"Марганец Жайрема" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
02.04.21 11:08
/KASE, 02.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Марганец Жайрема" АҚ ("Марганец Жайрема" АҚ, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01
сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 500 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ болып табылады.
[2021-04-02]