NOSTRUM OIL & GAS PLC құқығын жүзеге асыруды кідіре тұру туралы келісімін ұзартқаны туралы хабарлады

25.03.21 16:01
/KASE, 25.03.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан NOSTRUM OIL & GAS PLC компаниясы (Біріккен Корольдік) 2021 жылдың 22 наурызындағы баспасөз мәлімдемесін Биржаға ұсынып, келесі туралы хабарлады: ... Nostrum Oil & Gas PLC (ЕДБ тикері: NOG) ("Nostrum" немесе "Компания"), Мұнай және газ өндірумен, сондай-ақ Каспий маңы бассейніндегі мұнай-газ кен орындарын барлаумен және игерумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы облигацияларды ұстаушылардың арнайы формалды емес комитетінің барлық мүшелері (АФКМ) 2021 жылдың 20 наурызынан 2021 жылдың 20 сәуіріне дейін сағат 16:00-ге дейін құқығын жүзеге асыруды кідіре тұру туралы келісім мерзімін ұзартуға келісім бергені туралы хабарлайды. 2020 жылдың 23 қазанында Компания және оның бірқатар еншілес кәсіпорындары бір тараптан, АФКМ екінші тараптан, құқығын жүзеге асыруды кідіру туралы келісім жасасты. ... Баспасөз мәлімдеменің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_reliz_220321_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_reliz_220321_eng_1.pdf – ағылшын тілінде. [2021-03-25]