/KASE, 25.03.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың
25 наурызынан бастап KASE-де "ҚазАгро "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ
(Нұр-сұлтан) келесі облигацияларының сауда-саттықтары уақытша
тоқтатылғаны туралы хабарлайды:
- KZ2C00002988 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb2);
- KZ2C00003226 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb3);
- KZ2C00003812 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb4);
- KZ2C00003820 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb5);
- KZ2C00004323 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb6);
- KZ2C00004547 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb7).
Аталған облигациялардың сауда-саттығы "Биржалық қызметті жүзеге асыру
ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының
1) тармақшасы негізінде уақытша тоқтатылды.
Бұған дейін осы тақырып бойынша 2021 жылдың 19 наурызындағы KASE
жаңалықтары жарияланған болатын "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі
"АҚ оған "ҚазАгро "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ қосылу жолымен
қоғамның қайта ұйымдастырылатыны туралы хабарлады""–
https://kase.kz/ru/news/show/1455321/
[2021-03-25]