"Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционері холдингті қайта құру арқылы "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ біріктіру туралы шешім қабылдады

16.03.21 11:05
/KASE, 16.03.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Нұр- Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2021 жылдың 15 наурызындағы жалғыз акционерінің шешімдері туралы хабарлады. Жалғыз акционері, бірнеше шешім қабылдады: - "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ холдингті қайта құру арқылы "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ оған қосу туралы; - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ орналастырылған акциялары саны шегінде 585 352 214 дана акцияларын бір акцияға 366,85 теңгеден "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына сату; Жалғыз акционері барлығы 12 мәселе бойынша шешім қабылдады. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_decision_sole_shareholder_150321_115 2.pdf [2021-03-16]