15 қаңтардан бастап "Fincraft Capital" АҚ KZ1C00001551 (JSCP) жай акциялары эмитент бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды

15.02.21 16:28
/KASE, 15.01.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 16 ақпанынан бастап "Fincraft Capital" АҚ KZ1C00001551 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, JSCP) KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған шешім KASE ресми тізімінен көрсетілген акциялардың ерікті делистингі туралы аталған акциялардың рұқсаттама бастамашысы болып табылатын "Fincraft Capital" АҚ өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар 2018 жылдың 04 мамырынан бастап негізгі сауда-саттық алаңның "акциялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2018 жылдың 16 шілдесінен бастап ашылды. 2021 жылдың 08 ақпанындағы "11 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "Fincraft Capital" АҚ жалғыз акционері KZ1C00001551 (JSCP) жай акцияларын делистінгілеу туралы шешім қабылдады" атты жаңалығымен KASE интернет-сайтында танысуға болады: https://kase.kz/ru/news/show/1452805/ [2021-02-15]