"Компания Фаэтон" ЖШС өзінің (KZ2P00004286, FATNb2) облигациялары бойынша бесінші купонын төлегені туралы хабарлады

01.02.21 17:36
/KASE, 01.02.21/ - "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) 2021 жылдың 01 ақпанында өзінің (KZ2P00004286, альтернативті сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, FATNb2) облигациялары бойынша бесінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 136620000 теңгені құрады. [2021-02-01]