"ҚазАгроФинанс" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.01.21 07:01
/KASE, 18.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгроФинанс" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 82 837 204 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2021-01-18]