кредиттік тәуекелдің «жасыл» аймағына кірді
/KASE, 13.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға
2021 жылдың 13 қаңтарында жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп
хабарлады:
цитатаның басы
Энергия ресурстарына деген әлемдік бағалардың төмендеуі, COVID-19
індеті, базалық ставка деңгейінің сақталуы, жоғары инфляцияның күтілуі
секілді теріс факторларға қарамастан, «Самұрық-Энерго» компаниялары
тобының қаржылай орнықтылық көрсеткіштері тұрақты күйінде қалуда.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Борышты және қаржылық орнықтылықты
басқару саясатына сәйкес, «Самұрық-Энергода» жыл сайынғы негізде
кредиттік тәуекелдің «қызыл», «сары» және «жасыл» аймағы айқындалады.
Компанияда атқарылған іс-шаралар оның борыштық жүктемесінің деңгейін
«жасылға» дейін төмендетуге және валюталық тәуекелдерін мейлінше
азайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, «Мойнақ СЭС» АҚ-ның 148 млн. АҚШ
доллары сомасындағы, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның шамамен
100 млрд. теңге сомасындағы валюталық міндеттемелері қайта
қаржыландырылды. Нәтижесінде валюталық міндеттемелердің кредиттік
портфельдегі үлесі 1,5%-ке дейін төмендетілді.
цитатаның басы
Толық ақпарат KASE интернет-сайтында мына мекен-жайларда
жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_130121_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_130121.pdf – орыс тілінде.
[2021-01-13]