/KASE, 30.12.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың
29 желтоқсанында Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп
хабарлады:
цитата басы
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы екібастұздық ГРЭС-1 және ГРЭС-2
станциялар а.ж. 24 желтоқсанда электр энергиясын өндірудің 2020
жылғы жоспарын мерзімінен бұрын орындағанын мәлімдеді. Жедел
деректер бойынша, жылдық жоспарда белгіленген 30 413 995 мың
кВтсағаттың орнына жалпы өндіру көлемі 30 531 153 мың квтсағатты
құрады, яғни 100,4 %.
Энергетиктердің кәсібилігі мен станцияларда орнатылған жабдықтың
сенімді жұмыс істеуі сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанға 1 050 млн кВтс
электр энергиясын жеткізуге, соның ішінде Сырдария өзенінің төменгі
ағысында вегетациялық суаруды қамтамасыз ету мақсатында
қырғызстандық су қоймаларынан қосымша су жіберілуі үшін Қырғызстанмен
тауар алмасу аясында жаз айларында 300 млн кВтс электр энергиясын
жеткізуге мүмкіндік берді.
цитата соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды
https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_291220.pdf
[2020-12-30]