"АТФБанк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 28 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

13.11.20 09:43
/KASE, 13.11.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 28 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 5 021 972 000 дана; - банктің 45 294 733 жай акциялары орналастырылған; - банк өзінің 29 190 акциялары кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Г.Ш.Есенов болып табылады, оның меншігінде 45 159 274 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,77% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,70%) бар. [2020-11-13]