"Joint Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
16.10.20 14:58
/KASE, 16.10.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Joint Resources" АҚ ("Joint Resources" АҚ, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01
қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 008 859 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға Т.Кулибаев болып табылады.
[2020-10-16]