24 қыркүйектен бастап "Tengri Bank" АҚ бағалы қағаздары KASE ресми тізімінен шығарылды

24.09.20 09:59
/KASE, 24.09.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясы 2020 жылдың 28 мамырынан бастап "Tengri Bank" АҚ (Алматы) келесі бағалы қағаздары KASE ресми тізімінен шығарылды: - KZ000A1CTMJ8 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, DNBN) жай акциялары; - KZ2C00003705 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, DNBNb3) облигациялары. 2020 жылдың 22 қыркүйегіндегі KASE қорытындысында, аталмыш бағалы қағаздарды делистингілеу туралы мәселені қарастыруға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің "Tengri Bank" АҚ мәжбүрлеп тарату процедурасы негіз болып табылатындығын көрсетті. Жоғарыда баяндалған негізінде KASE ішкі құжаты "Листингілік ережелер" 2.2. қосымшасы 3 тарауы 1) тармағы 4)және 8)тармақшасына сәйкес аталмыш бағалы қағаздар делистингіленді. KASE Басқармасының шешімімен KZ000A1CTMJ8 жай акцияларымен KASE сауда-саттығы 2020 жылдың 18 қыркүйегінен бастап тоқтатылды. KASE KZ2C00003705 облигацияларымен сауда-саттық ашылған жоқ. Бұрын осы тақырыпта 2020 жылдың 18 қыркүйегінде "Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің "Tengri Bank" АҚ банктік және басқа да операциялар жүргізуге лицензиясынан айырды" атты KASE жаңалығы жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1442574/ [2020-09-24]