18 қыркүйектен бастап KASE "Tengri Bank" АҚ сауда-саттыққа қатысудан шеттетті, оның биржада мүшелігін тоқтатты және банк акцияларымен сауда-саттықты тоқтатты

18.09.20 15:53
/KASE, 18.09.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 18 қыркүйегіндегі шешімімен, KASE "валюталық" және "қор" санаты бойынша мүшесі болып табылатын, банктің бұрын Қазақстан қор биржасында банктің бұрын жасалған мәмілелері бойынша міндеттемесі бар қаржы құралдарымен сауда-саттықтан басқа, айналымға (сауда-саттыққа) жіберілген,"Tengri Bank" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасында шет елдік және бағалы қағаздарымен сауда-саттыққа қатысудан шеттетілді. "Tengri Bank" АҚ Қазақстан қор биржасында мүшелігі Директорлар кеңесінің тиісті шешімі шыққанға дейін тоқтатылды. 18 қыркүйектен бастап KASE сауда-саттық жүйесінде сондай-ақ "Tengri Bank" АҚ (KZ000A1CTMJ8, KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, DNBN) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды. Қазақстан қор биржасында листингілеуден өткен (KZ2C00003705, KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, DNBNb3) облигацияларымен сауда-саттық ашылған жоқ. Аталмыш шешім Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі 2020 жылдың 18 қыркүйегіндегі Tengri Bank" АҚ банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айыру туралы" шешімі негізінде қабылданды. Бұрын осы тақырыпта "Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің "Tengri Bank" АҚ банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырды" – https://kase.kz/ru/news/show/1442574/ атты KASE жаңалығы жарияланды. [2020-09-18]