06 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "ЭКОТОН+" АҚ KZ2C00001287 (EKTNb1) облигацияларының сауда-саттықтары қайта басталады

06.08.20 10:17
/KASE, 06.08.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 06 тамызынан бастап "ЭКОТОН+" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00001287 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, EKTNb1) облигацияларының сауда-саттықтары қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары 2020 жылдың 31 шілдесінен бастап уақытша тоқтатылған. Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары "ЭКОТОН+" АҚ 2020 жылдың 05 тамызында хат алуына байланысты жаңартылды. 20020 жылдың 31 шілдесінде аталмыш облигацияларды ұсташылардың жалпы жиналысында аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданған жоқ. [2020-08-06]