"Altyntau Kokshetau" АҚ өзінің KZ1C00001312 (ATKT) жай акциялары бойынша 2019 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

23.07.20 19:12
/KASE, 23.07.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Altyntau Kokshetau" АҚ (Ақмола обл), KZ1C00001312 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, ATKT) жай акциялары бойынша 2019 жылға, бір акцияға 675 АҚШ долларын төлегені туралы Биржаға хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, дивиденд төлеу үшін акционерлердің тізілімін тиянақтау датасы – 2020жылдың 08 шілдесі. [2020-07-23]