"3А-БэстГрупп" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
22.07.20 10:47
/KASE, 22.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "3А-БэстГрупп" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 100 322 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға ERAGON PETROLEUM FZE (ЕЭА Джебель Али, Дубай)
болып табылады.
[2020-07-22]