"АК Алтыналмас" АҚ "Долинное" алтын өндіретін фабриканы іске қосты

21.07.20 17:58
/KASE, 21.07.20/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2020 жылдың 17 шілдесінде орыс және қазақ тілдеріндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «Алтыналмас АК» АҚ Қарағанды облысының «Ақтоғай» жобасында орналасқан «Долинное» алтын өндіру фабрикасын (бұдан әрі – Долинное АӨФ) өнеркәсіптік пайдалануға беруді жүзеге асырды. Өндірісті пайдалануға беру жолындағы тағы бір қадам ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020-2029 жылдарға арналған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатын (бұдан әрі - Рұқсат) алу болды. Рұқсат шарттарына сәйкес компания өзіне Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасының; Рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған эмиссиялардың, табиғат қорғау іс-шараларының нормативті талаптарын сақтау жөніндегі міндеттемелерді алады. Естеріңізге сала кетейік, жаңа фабриканың өндірістік қуаты жылына 2 500 000 тонна кен құрайды. «Долинное» АӨФ пайдалануға берілуімен «Алтыналмас АК» АҚ Ақтоғай өндірістік алаңының кен өңдеу бойынша жалпы қуаты жылына 5 200 000 тоннаға дейін, ал тау-кен массасын өндіру бойынша жылына 50,000,000 тоннаға дейін артады. CIP технологиясы бойынша «Долинное» АӨФ іске қосу-реттеу жұмыстары ағымдағы жылдың 22 мамырында басталған. Қазіргі уақытта өндірісті апатсыз және қауіпсіз іске қосу, сондай-ақ өндірісті жобалық көрсеткіштерге шығару жұмыстары сәтті аяқталды, маусым айының басында АӨФ-те салмағы 5,3 кг болатын бірінші құйма алтын шығарылды. «Долинное» АӨФ «Алтыналмас АК» АҚ-ның соңғы 10 жылда салынған және іске қосылған «Ақбақай» алтын өндіретін фабрикасы, «Пустынное» байыту фабрикасы және «Altynalmas Technology» бағалы металдарды шығару зауытымен қатар төртінші фабрика болды. цитата соңы Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_reliz_170720_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-07-21]