"Estate Management Company" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

20.07.20 12:05
/KASE, 20.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Estate Management Company" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 200 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 100 000 000 дана; - компанияның 30 073 000 жай акциялары және 3 000 000 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ФОНД ПРОБЛЕМНЫХ КРЕДИТОВ" АҚ болып табылады. [2020-07-20]