/KASE, 15.07.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "ЭКОТОН+" АҚ (Нұр-Сұлтан) өзінің KZ2C00001287
(KASE альтернативті сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, EKTNb1)
облигациялары бойынша 45-ші купондық сыйақыны төлегені туралы
хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының сомасы 24 597 500,00
теңгені құрады.
Бұдан басқа, "ЭКОТОН+" АҚ 5 089 595,00 теңге сомасында берешегін
төлегені туралы хабарлады.
Купондық сыйақы алуға құқылы, сондай-ақ аталмыш облигациялар
бойынша 2020 жылдың 01 сәуірінен 30 маусымына дейін аталмыш
облигациялар бойынша өзге де қарыздарының кезекті сомасын алуға
құқылы кредиторлардың тізімі –
https://kase.kz/files/emitters/EKTN/ektn_letters_to_kase_140720.pdf
[2020-07-15]