01 шілдеден бастап "Kazakhmys Copper" (Казахмыс Коппер) АҚ KZ1C00001379 (KMCP) жай акциялары KASE балама сауда-саттық алаңының "акциялар" санатынан KASE ресми тізімінің негізгі алаңынан "стандарт" санатына ауыстырылды

30.06.20 18:26
/KASE, 30.06.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2020 жылдың 01 шілдесінен бастап "Kazakhmys Copper" (Казахмыс Коппер) АҚ (Алматы). KZ1C00001379 (KMCP) жай акциялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "акциялар" санатынан КASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санатына ауыстырылды. Листингілік комиссяиның аталмыш шешімі 2020 жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енгізілді. KASE 2020 жылдың 26 маусымындағы қорытындысында, "Kazakhmys Copper" (Казахмыс Коппер) АҚ және оның аталмыш облигацияларын тексеру қорытындысы бойынша KASE ресми тізіміне облигациялардың негізгі алаңның "облигациялар" санатына енгізу үшін өлшемдер мен талаптарға компанияның және оның аталмыш облигацияларының сәйкестігі анықталды. [2020-06-30]