/KASE, 25.05.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 25
мамырынан бастап негізгі сауда-саттық алаңының корпоративтік
облигациялардың индикаторын (KASE_BM* ериясы) есептеуден "Хоум
Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі" АҚ KZ2C00003887 (HCBNb3)
облигацияларын, айналыс мерзімі аяқталуына байланысты, шығарды.
2020 жылдың 25 мамырынан бастап KASE_BM* индикаторлар сериясының
өкілетті тізімі 30 атаудағы облигациялардан тұрады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған сыйақысын есепке алмағандағы бағалары
("таза" баға) бойынша есептелетін, корпоративтік облигациялардың бағалар
индексі.
Аталмыш индикатор Қазақстан қор биржасында күніне бір рет корпоративтік
облигациялардың сауда-саттықтарының қорытындысы бойынша есептеледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған –
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2020-05-25]