"КазТрансГаз" АҚ XS1682544157, US48668NAA90 (KZTGe1) облигацияларын сатып алу бойынша алдын ала нәтижесі туралы хабарлады

04.05.20 11:17
/KASE, 04.05.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "КазТрансГаз" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2020 жылдың 30 сәуіріндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... "КАЗТРАНСГАЗ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ("КОМПАНИЯ") 750 000 000 АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ КІРІСТІЛІГІ 4,375%, ӨТЕУ МЕРЗІМІ 2027 ЖЫЛЫ, "ИНТЕРГАЗ ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ" ("ГАРАНТ") АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ КЕПІЛДІГІМЕН ШЫҒАРЫЛҒАН ОБЛИГАЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ, СОНДАЙ-АҚ ОФЕРТАҒА ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ. Компания өзінің ұсынысы бойынша сатуға берілген, 100 000 000 АҚШ доллары көлемінде Облигациялар бойынша ("Ұсынымның максималды сомасы"), негізгі қарыз сомасын жеке қаражатына ("Оферта") сатып алу туралы өтінімдердің нәтижесін, және 2020 жылдың 16 сәуіріндегі сатып алу туралы ұсынымда баяндалған ("Сатып алу туралы ұсыным") Оферта шарттарына өзгертулер енгізу туралы жариялайды. 2020 жылдың 29 сәуіріне дейін нью-йорк уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін ("Жедел ұсынымдарды қабылдау уақытының аяқталуы"), Оферта аясында белгіленген тәртіппен 43 380 000 АҚШ доллары көлемінде негізгі қарыз сомасы.сатып алуға ұсынылды және кері қайтарылмады. ... Аталмыш ақпарат https://kase.kz/files/emitters/KZTG/kztg_reliz_300420_1.pdf [2020-05-04]