"Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес Банкі және KASE қытай юані бойынша өтімділік провайдері қызметін көрсетуге келісімге қол қойды

14.02.20 16:10
/KASE, 14.02.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) және "Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес Банкі АҚ 2020 жылдың 04 ақпанында қытай юані бойынша өтімділік провайдері қызметін көрсету туралы келісімге қол қойды. Бұрын KASE биржа нарығында саудаланатын шет елдік валютамен өтімділік қызметін көрсету туралы келісімге қол қойды: - "Алматы қаласындағы Сауда-өнеркәсіп Банкі" АҚ қытай юані бойынша; - Еуразия даму банкімен ресей рублі мен еуро бойынша; - "Kaspi Bank" АҚ еуро бойынша. Келісім аясында провайдерлер KASE валюталық нарықта орталық контрагент ретінде міндеттемелерін уақтылы орындау үшін Қазақстан қор биржасына қытай юані, ресей рублі және еуромен өтімділігін ұсынады. Бұрын осы тақырыпта 2019 жылдың 29 шілдесінде "KASE орталық контрагент ретінде валюталық нарықта өтімділік провайдерін тартты" атты жаңалығы жарияланған болатын – http://kase.kz/files/press/ru/29_07_2019_agreements.pdf [2020-02-14]