2020 жылдың 13 наурызында "ЭКОТОН+" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

07.02.20 11:56
/KASE, 07.02.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЭКОТОН+" (Нұр-Сұлтан), 2020 жылдың 13 наурызында акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібінде: - Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамының өкілеттігін тоқтату туралы. - Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы. - Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау туралы. - Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. - Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы. - Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне олардың өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу және шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын белгілеу туралы. Аталмыш жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/emitters/EKTN/ektn_special_shareholders_meeting_info_130320_49.pdf [2020-02-07]