/KASE, 25.12.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ЭКОТОН+" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2019 жылдың 14
желтоқсанынан бастап акцияларының он және одан аса пайызын иеленген
акционерлерінің құрамындағы өзгерістер туралы биржаға хабарлады:
– Е.Ж. Көшкінбаев компания акцияларының он және одан аса пайызын
иеленген акционерлерінің құрамынан шығарылды;
- А.С. Баймуханова компания акцияларының он және одан аса пайызын
иеленген акционерлерінің құрамына кірді.
Аталмыш ақпарат –
http://kase.kz/files/emitters/EKTN/ektn_shareholders_changes_181219_678.pdf
[2019-12-25]