"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1713475132, US48669DAA00 (TMJLe6) халықаралық облигацияларын толық мерзімінен бұрын өтегені туралы хабарлады

28.11.19 11:02
/KASE, 28.11.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр- Сұлтан) Биржаға XS1713475132, US48669DAA00 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLe6) халықаралық облигацияларын толық мерзімінен бұрын өтегені туралы хабарлады. Хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемнің жалпы сомасы 897 309 831,02 АҚШ долларын құрады. Толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjl_other_doc_271119_3345.pdf мекен- жайында жарияланған. [2019-11-28]