"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі «қонақтарға арналған» Сбербанк Онлайн атты жаңа функционалын іске қосты

21.11.19 16:27
/KASE, 21.11.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2019 жылдың 21 қарашасында баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы Ауқымды жаңартулардың арқасында, 2019 жылғы 21 қарашадан бастап өзге қазақстандық банктердің төлем карталары мен шот иегерлері «Сбербанк Онлайн» мобильді қосымшасында кез келген төлемдерді жүргізе алады. Жаңа қолданушылар осы қосымшаның көптеген артықшылықтарына және банк бөлімшесіне келмей 800-ден астам қаржы опеарцияларын жүргізу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ал бұл орайда Сбербанк мобильді қосымшасының тұтынушысы атану одан да жеңілдеді. AppStore/Google Play-де «Сбербанк Онлайн Казахстан» қосымшасын жүктеп, ұялы телефон нөмірі арқылы тіркеуден өту жеткілікті. Осы арқылы клиент кез келген қазақстандық банктік картасын тіркеп, үлкен ауқымда төлемдер жасай алады. Сондай-ақ Сбербанкте шоттары бар, бірақ төлем карталары жоқ клиенттер үшін де мобильді қосымшада тіркелу, жанасусыз төлем жасауға болатын және 1.3% Cashback қосылған виртуалды карталар ашу мүмкіндігі туды. Сбербанк Онлайн арқылы өз қаражатыңызды жылдам әрі қашықтан басқаруға, яғни өз шоттарыңыз бен карталарыңыз арасында түрлі аударымдар, Сбербанк не өзге банктер клиенттеріне аударымдар жасауға болады. Сонымен қатар қосымшада ТКШ қызметтерін, салық төлеу, онлайн депозит ашу, 24/7 шотты толықтыру, ақша шешіп алу және тағы көптеген мүмкіндіктер беріледі, бұл ретте барлық төлемдер немесе аударымдар қандай-да бір комиссиясыз жүзеге асырылады. цитата соңы [2019-11-12]