03 желтоқсаннан бастап биржалық ақпаратты коммерциялық ұсыну шарттары туралы Қағидаға түзетулер қолданысқа енгізіледі

21.11.19 13:53
/KASE, 21.11.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 19 қарашасындағы шешімімен, 2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап күшіне енетін KASE ішкі құжаты "Биржалық ақпаратты коммерциялық ұсыну шарттары туралы қағидаға" (Қағида), №5 өзгертулер мен толықтырулар бекітілді. Аталмыш түзетулермен: - ASTS+ сауда-саттық-клиринг жүйесі пайдалануға енгізілуіне байланысты FAST мәліметтерді беру техникалық маманданымы хаттамасы енгізілді; - "Реттелмейтін сұранымдар" ақпараттық өнімі аясында ұсынылған ақпарат тізбесі кеңейтілді; - редакциялық түзетулер енгізілді. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/kase_rules/ мекен-жайында жарияланған. [2019-11-21]