21 қарашаға жоспарланған Қазақстан қор биржасында "ТехноЛизинг" ЖШС KZ2P00006299 (THLZb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық кейінге қалдырылды

21.11.19 10:36
/KASE, 21.11.19/ – "ТехноЛизинг" ЖШС (Нұр-Сұлтан) KZ2P00006299 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, THLZb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу бастамашысы болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ 2019 жылдың 21 қарашасына жоспарланған арнайы мамандандырылған сауда-саттықты өткізуді сауда-саттық өткізу әдісін өзгертуіне байланысты кейінге қалдырғаны туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады. [2019-11-21]