03 желтоқсаннан бастап ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінің іске қосылуына байланысты бір қатар KASE ішкі құжаттары және ішкі құжаттарға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

18.11.19 17:16
/KASE, 18.11.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) осының алдында Директорлар кеңесінің шешімдерімен бекітілген, келесі KASE ішкі құжаттары және ішкі құжаттарға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі: 1) Клирингілік қатысушылар туралы қағидаға № 4 өзгертулер мен толықтырулар; 2) ASTS+ сауда-клирингілік жүйесіне рұқсаттама беру ережелері; 3) Қор нарығында орталық контрагентпен жасалған мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру ережелері; 4) Сауда-саттық өткізудің әдістері туралы қағидаға № 2 өзгертулер; 5) Мемлекеттік бағалы қағаздармен Т+2 сызбасы бойынша мәмілелер жасасу тәртібіне № 1 өзгертулер; 6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне № 4 өзгертулер; 7) Сауда-саттық жүйесіне рұқсаттама беру ережелеріне № 1 өзгертулер; 8) Бағалы қағаздарына жазылым жүргізу ережелеріне № 4 өзгертулер; 9) Репо операцияларын жүзеге асыру ережелеріне № 7 өзгертулер; 10) "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде айналысқа жіберілген, қаржы құралдар тізімінің құрылымы туралы қағида № 2 өзгертулер; 11) Бағалы қағаздармен Т+0 сызбасы бойынша толық қамтылған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (гросс-есептеулер) жүзеге асыру регламентіне № 1 өзгертулер; 12) ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізудің әдістері туралы қағида; 13) Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері (жаңа редакциясы); 14) Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелеріне № 5 өзгертулер мен толықтырулар; 15) Банктік операцияларды жүргізу ережелеріне № 2 өзгертулер мен толықтырулар; 16) Биржаның бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысындағы техникалық жаңылыстар кезінде сұрақтарды шешу ережелері. Жоғарыда аталған құжаттар KASE интернет-сайтында "ASTS+ арналған ережелер" – http://kase.kz/ru/kase_rules_asts/ және "KASE ережелері" – http://kase.kz/ru/kase_rules/ бөлімдерінде жарияланған. [2019-11-18]