15 қарашадан бастап Автоматты репо нарығының маманданымына енгізілген түзетулер және "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін және олардың шоттарын, бағалық қағаздар эмитенттерінің қаржы құралдарын кодтау тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілген толықтырулар қолданысқа енгізіледі

15.11.19 11:41
/KASE, 15.11.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 14 қарашасындағы шешімімен бекітілген келесі KASE ішкі иқұжаттарына енгізілген түзетулер 2019 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі: 1) Автоматты репо нарығының маманданымына (маманданым) енгізілген № 15 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер); 2) "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін және олардың шоттарын, бағалық қағаздар эмитенттерінің қаржы құралдарын кодтау тәртібі туралы нұсқаулыққа (Нұсқаулық) енгізілген № 7 толықтырулар Маманданымға енгізілген түзетулермен репо операцияларының заты ретінде KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында тұрған, Standard & Poor's рейтингілік агенттігінің дербес несиелік нейтингілік бағалауы "В" деңгейінен төмен емес немесе басқа да рейтингілік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағалауы бар эмитент-елінің шетелдік бағалы қағаздар қолданылуы мүмкін деп белгіленді. Аталмыш бағалы қағаздарымен мерзімі бірдей репо операциялары, осы репо операцияларының заты болып табылатын, бағалы қағаздардың атауларына қарамастан, бір қаржы құралы болып табылады (шетелдік МБҚ корзинасы). Түзетулермен жоғарыда көрсетілген бағалы қағаздардың нарықтық бағаларының дисконтталуының мөлшерлері белгіленді. Нұсқаулыққа енгізілген толықтырулармен шетелдік МБҚ корзинасымен автоматты репо нарығында қаржы құралдарына (репо операцияларына) кодтар беру тәртібі анықталды. Маманданымның және Нұсқаулықтың жаңартылған мәтіндері жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-11-15]