2020 жылдың 15 қаңтарында "Кселл" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

20.11.19 12:11
/KASE, 20.11.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2020 жылдың 15 қаңтарында сағат 11:00-де акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе: - компанияның есептеу комиссиясының сандық құрамын анықтау, оның мүшелерін сайлау туралы; - компанияның корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы; - компанияның дивидендтік саясатын бекіту туралы; - компанияның директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды: •орыс тілінде -http://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_special_shareholders_meeting_info_150120_8688.pdf; •ағылшын тілінде –http://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_meeting_info_150120_eng.pdf [2019-11-20]