/ӨЗГЕРТІЛДІ/ 2019 жылдың 19 қазанынан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында "Нұрбанк" АҚ KZ2C00005700 (NRBNb13) және KZ2C00005734 (NRBNb14) облигациялардың айналым мерзімі мен сыйақы мөлшерлемесі өзгертілді

19.11.19 15:14
/KASE, 19.11.19, облигациялардың айналу мерзімі туралы ақпарат анықталды/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 19 қазынанын бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен мәліметтер базасында "Нұрбанк" АҚ (Нұр-Сұлтан) облигациялары бойынша ақпараттар өзгертілді. KZ2C00005700 облигациялары бойынша (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb13; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 26.12.18 – 26.12.21; жартыжылдық купон 11,00 %, жылдық; 30/360): - сыйақы мөлшерлемесі көлемі №1 шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, алғашқы сауда-саттық күнінен 7 жылға өзгертілді; - айналым мерзімі айналым басталған күннен бастап, 3 жылдан 7 жылға өзгертілді. - айналым мерзімінің басталуы – көлемі №1 шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталатын болады; KZ2C00005734 облигациялары бойынша (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb14; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 26.12.18 – 26.06.20; жартыжылдық купон 8,00 %, жылдық, 30/360): - сыйақы мөлшерлемесі көлемі №1 шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталатын болады; - айналым мерзімі айналым басталған күннен бастап, 1,5 жылдан 7 жылға өзгертілді. - айналым мерзімінің басталуы – көлемі №1 шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық күнінен 7 жылға өзгертілді; Сонымен қатар, аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына сыйақы төлем шарттары мен өтеу тәртібіне қатысты өзгертулер енгізілді. 2019 жылдың 16 қазанынан бастап Қазақстан қор биржасында аталмыш облигациялармен 2019 жылдың 12 қыркүйегінен бастап сауда-саттық тоқтатылды. KASE басқармасының шешімімен 19 қарашасынан бастап аталмыш облигациялар номиналдан пайызбен есептегенде "таза емес" бағасымен сауда-саттық режиміне ауыстырылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінінде 2019 жылдың 13 қарашасында тіркелген аталмыш облигациялардың шығарылымына өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланған: - http://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbnf9_NRBNb13_izm_131119.pdf - http://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbnf9_NRBNb14_izm_131119.pdf [2019-11-19]