15 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00004554 (CCBNb32) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

13.11.19 16:02
/KASE, 13.09.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 15 қарашадан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00004554 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNb32) (Алматы) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады. Осы шешім 2019 жылдың 185 қарашада аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында осы облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілетін өзгертулерді бекіту туралы шешім қабылданатынына байланысты қабылданды. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтары KASE аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген тиісті өзгертулерді алып, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде олардың орналастырылуы мен айналыста болуын растауын алған күннен кейінгі келесі жұмыс күні қайта басталады. Осы тақырып бойынша 2019 жылдың 14 қазанында KASE жаңалығы жарияланды "2019 жылдың 14 қазанында "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00004554 (CCBNb32) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы өтеді" – http://kase.kz/ru/news/show/1415699/ жаңалығы жарияланды. [2019-11-13]