"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкіне Баспана «2019 Көшбасшысы» номинациясын ұсынды

04.11.19 14:58
/KASE, 04.11.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2019 жылдың 04 қарашасында баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы «Баспана» ипотекалық бағдарламаларының ұлттық операторы «7-20-25» және «Баспана Хит» тұрғын үй бағдарламалары бойынша осы жылдың ең үздік серіктес банктерін анықтады. Ең жоғарғы «2019 Көшбасшысы» номинациясымен Сбербанк Қазақстан марапатталды. «Сбербанк «Баспана» ипотекалық ұйымымен» белсенді серіктестік құрып, тұрғын үй нарығында қарқынды жұмыс атқаруда». Осы марапат – Сбербанк үшін үлкен мәртебе, серіктестерімізге біздің жоғары нәтижелерімізді бағалағаны үшін алғыс білдіреміз. Бүгінгі таңда біз үлкен көлемде ипотекалық өтініштерді қарастырдық, соның арқасында 10 мың қазақстандық отбасы өз баспаналарына қол жеткізді», - деп «Сбербанк» АҚ ЕБ Бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Николай Суганяка марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. «Баспана» Ипотекалық ұйымы» ұсынған ақпаратқа сәйкес Сбербанк Қазақстанның еліміздің нарығындағы «7-20-25» бағдарламасы бойынша үлесі 30%-ды құраған, ал «Баспана-Хит» бағдарламасы бойынша 58%-бен көш бастап тұр. Жалпы кестеде көрсеткіштері ең жақын «Банк ЦентрКредит» АҚ болып табылады, үлестері сәйкесінше 47 және 42 пайыз. Ел аймақтарымен салыстырғанда, Сбербанк «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша ең көп өтінішті Нұр-Сұлтан қаласында мақұлдаған – 931 заемшы жеңілдік бағдарламасымен пәтер алған, бұл ретте берілген заемдардың жалпы сомасы 11,9 млрд. теңгені құрайды. Бұл кестедегі екінші және үшінші орын Алматы (295 өтініш) және Ақтөбе (161 өтініш) қалаларына тиесілі. «Баспана-Хит» бағдарламасы бойынша да көшбасшы республика астанасы атанды – жалпы сомасы 17,9 млрд. теңгеге 1 710 өтініш. Өскеменде жеке пәтерге қолжеткізген закемшылар саны 1 212 жетті, одан кейін мынан астам өтініш берген Қарағанды тұрғындары тұр. «Біздің менеджерлер берген тұрғын үй кредиттерінің жалпы санын ескерер болсақ, қазақстандықтар «7-20-25» және «Баспана Хит» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары арқылы рәсімдеген әр екінші пәтер біздің банк арқылы сатып алынған», - деп атап өтті Сбербанк Қазақстанның Бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Николай Суганяка. цитата соңы [2019-11-04]